Қазақстанның бірінші ракеткасы Франциядағы турнирдің финалына шықты

25.09.2022 22:20

Финалда Бублик италиялық Лоренцо Сонегомен кездеседі

olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияда өтіп жатқан теннистен ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бублик жартылай финалда швейцариялық Стэн Вавринкаға қарсы шықты. Матч ерте аяқталды. Вавринка бірінші сет 2:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілген соң, ойынды жалғастырудан бас тартты. 

Финалда Бублик италиялық Лоренцо Сонегомен кездеседі.