Байрақты бәсекеге 15 мемлекеттен жиналған 300-ге жуық спортшы қатысады
Қазақстанда жастар мен жасөспірімдер арасында шинкиокушинкай каратэден Азия чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге Азияның 15 мемлекетінен жиналған 300-ге жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін жас спортшылар сайыс қатысушысы болып тіркеліп, салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Айта кетейік, аталған спорт қарапайымдылық және тиімділікпен сипатталын каратэнің бір түрі. Көрермен сайыс барысын 23 шілде күні Алматы қаласындағы «Sadu» спорт кешенінен көре алады.
– Жарыс Қазақстанда алғаш рет өтейін деп тұр. Сол себепті дайындық қарқынды жүріп жатыр. Азия чемпионатында 56 салмақ дәрежесінде 12 мен 21 жас аралығында спортшы қатысады, – деді ұйымдастырушы Жанболат Тоқсанбаев.