|
04.02.2022 | 17:25
682

Олимпиаданың ашылуында 3 мыңнан астам адам өнер көрсетеді

Салтанатты шараға әлемнің 20-дан астам елінен Мемлекет және Үкімет басшылары қатысады

Олимпиаданың ашылуында 3 мыңнан астам адам өнер көрсетеді ҚазАқпарат

Қытай астанасы - Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиадасы ашылу салтанатында үш мыңнан астам 3 мыңнан астам адам өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, 2008 жылы Бейжің қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарында 15 мыңнан астам актерлер театрландырылған көріністерге қатысты. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олардың саны шектелді. Бұл жолы 3 мыңға тарта адам жаһан өнер көрсетеді. Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құс ұясы» ұлттық стадионында өткізілмек. Салтанатты шара 4 ақпанда сағат 18:00-де басталады. Оны «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Салтанатты шараға әлемнің 20-дан астам елінен Мемлекет және Үкімет басшылары қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Алдын-ала мәлімет бойынша Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты екі сағатқа созылады. Биылғы XXIV қысқы Олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен үш мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыс бағдарламасына сәйкес, спорттың 15 түрі бойынша 109 медаль сарапқа салынады. Қазақстанның олимпиадалық құрамасының атынан Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова Ту көтеріп шығады. XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир