UFC-дегі алғашқы кездесуін сәтті өткізген Азат Мақсұм елге оралды

Almaty.tv
Almaty.tv
Спортшыны алматылықтар әуежайда қарсы алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

UFC-дегі алғашқы кездесуін сәтті өткізген Азат Мақсұм елге оралды. Ол Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте америкалық файтер Тайсон Нэмге қарсы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Спортшы кәсіби мансабында 17-жеңісіне қол жеткізді. Ал UFC-де жеңіліс тапқан америкалық спортшы 5 жыл бұрын тағы бір отандасымыз Жалғас Жұмағұловтан ұтылып қалған еді.

– UFC-ке дейін талай жарыс өтті ғой. Онда әлемнің мықтылары барады. Менеджердің жұмысына да көп нәрсе байланысты, – деді жаттықтырушы Дәнеш Дүнгенбаев.

Жаһандық жарыста жеңіс туын көтерген жерлесімізді алматылықтар әуежайда ерекше ықыласпен қарсы алды. Дүйім жұрт спортшыны құттықтап, ізгі тілектерін айтты. Игі дәстүр бойынша шашу да шашылды, рух көтерер ән де айтылды.

– Көңіл-күйім өте тамаша, қуаныштымын. Бүкіл қазақ еліне, рақмет! Шүкір, ойдағыдай өтті. Қасымда Қайрат Ахметов ағамыз болды, 2-3 айдай Дәнеш ағай, команда бар, бәріміз бірге жаттықтық, – деді спортшы Азат Мақсұм.

Новости партнеров