Дүниежүзілік көшпенділер ойынына кімдер қатысады

05.08.2024 в 22:31

Абзал Тұрғанбек бәйгеден ел намасын қорғайды

Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында өтеді. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ойындар Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытуға септігін тигізеді. Астанада ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына сәйкес спорттың 20 түрінен жарыс өтеді. Сонымен қатар спорттың 10 түрі дүйім жұртқа таныстырылады. Жарыс бағдарламасына сәйкес 110 медаль жиынтығы ойнатылады.

Тоғызқұмалақтан Ұлттық қараманың мүшесі Бексұлтан Бостандық өнер көрсетеді.

Арқан тарту жарысынан Ұлттық құраманың батыры Артем Супанев додаға қатысып, білек күшінің мықтылығын дәлелдейді.

Ал Абзал Тұрғанбек бәйгеден жүлдені қанжығаға саламын деп буынып отыр. Жасөспірім додада барын салып, Ұлттық құраманың намысын қорғайды.

Оқи отырыңыз: Ұлы дала ойындары: Алматыда дүбірлі дода аясында фестиваль өтті