20-дан астам команда қатысты
Алматыда «Дүйсенбілік футбол 2020» турнирі мәресіне жетті. Қала базарлары қызметкерлерінің арасында өткен жарысқа 20-дан астам команда қатысқан. Финалда «Алматы-1» командасы топ жарды. 2-орынды «Тигрохауд» иеленсе, «Байқоңыр» командасы қола жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жеңімпаз атанған командалар мен көзге түскен ойыншыларға бағалы сыйлықтар да табысталды. Еске салайын, саудагерлер арасындағы футбол жарысын «Жас отан» жастар қанаты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырған.
«Бүгінгі жарыс жақсы, керемет болды. Өте тартысты. Барлығы да жақсы дайындалып келген. Өзіміздің балдар да жақсы дайындалып 1-орынды алып отырмыз», – деді жарыс жеңімпазы Нұрдаулет Мұратбеков.
«Қазіргі таңда осындай азаматтарымыз елдің тірегі екенін түсінуіміз қажет. Осы азаматтармен бірге командалық ойын өткізіп, олардың арасында бас қосып, олардың арасында жүлделі орындарды беру ол азаматтарды әлеуметтендіру деп есептейміз», – деді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.