ӘЧ-2022: Финалды стадионнан аргентиналық 50 мың жанкүйер тамашалайды
sportmk.ru
Финалда 18 желтоқсанда Аргентина және Франция құрамалары кездеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының финалына 50 мың аргентиналық, 6 мың франциялық жанкүйер келеді деп күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Финалда 18 желтоқсанда Аргентина және Франция құрамалары кездеседі.
Кездесу Лусаил қаласындағы 88 966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өтеді.
Дүбірлі дода барысында өз құрамасының әрбір ойынына аргентиналық жанкүйерлер көп жиналды. Осындай қолдауды әлем чемпионаты финалында да жалғастырмақ.
Екі құрама бұған дейін екі-екіден әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Аргентиналық футболшылар 1978, 1986 жылдарда жеңімпаз тұғырына көтерілсе, Франция 1998, 2018 жылдарда бас жүлдеге ие болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00