|
27.11.2022 | 17:42
1087

ӘЧ-2022: Германия құрамасы плей-офф сатысына шыға ала ма

Германия бүгін Испания құрамасымен кездеседі

ӘЧ-2022: Германия құрамасы плей-офф сатысына шыға ала ма footballwhispers.com

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының сегізінші ойын күнінде, 27 қарашада Е тобында екінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған топтағы Испания мен Германия кездесуі елорда уақытымен 01:00-де«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу Эль-Хаур қаласындағы 68895 жанкүйерге арналған «Эль-Байт» стадионында өткізіледі. Бас төреші - нидерландылық Данни Маккели. Оған отандастары Хессел Стегстра мен Ян де Врис (Нидерланды) көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - румыниялық Иштван Ковач.

Екі құрама бұған дейін 13 мәрте кездесті. Оның бесеуінде испаниялық, үшеуінде германиялық футболшылар жеңіске жетсе, қалған ойын тең нәтижемен аяқталды.

Сондай-ақ, бүгін F тобындағы Бельгия мен Марокко кездесуі 19:00-де «Qazsport», 22:00-де Хорватия мен Канада ойыны «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир