Велошеруге қатысушылар 6 шақырымнан астам қашықтықты еңсерді
Биыл Алматыда 1000-нан астам тұрғындар мен қатысушылар велошеруді қолдады. «Нұрлы-Тау» бизнес орталығынан бастау алған спорттық мереке Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасты. Марафонға қатысушылар 6 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Спорттық мерекеде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық ашық аспан астындағыларды маусымның сәтті аяқталуымен құттықтап, қатысушыларға жаңа жеңістер тіледі.
«Біз биылғы маусымды сәтті аяқтадық деп есептеймін. Барлығымыз жоспарланған іс-шараларды, әсіресе, Tour of Almaty турын ойдағыдай өткізіп, чемпион атағын да иелендік. Барлықтарыңызға жеңіс тіледім. Келесі жылы кездескенше. Ал, бүгін барлықтарыңыздың көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болып, велошеру жақсы басталып, жақсы аяқталсын дегім келеді», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Ересектер мен балалар, кәсіпқойлар мен әуесқойлар бұл шараны ерекше түрде атап өтуді ұйғарып, әйгілі Шрек, Джокер, Бэтмэн және Аяз ата секілді кейіпкерлердің түрлі-түсті киімдерін киіп шыққан. Тіпті, бір дөңгелекті велосипедпен әсерлі шоу да көрсетілді.
«Келесі жылғы велошеру әсерлі және жаңа эмоцияларға толы болуы үшін мен осы маусымның жабылу салтанатында мерекені түрлі бояулы етіп безендіргім келді. Енді, қазан айының 31-інде Хэллоуин мерекесі болады, соған да сілтеме жасағымыз келді», - деді ұйымдастырушылардың бірі Мария ШЕПЕЛЕВА.