Алматы энергия кешені қызметкерлерінің арасында бильярд спортынан V мерейтойлық турнир өтті

03.12.2021 22:42

Жалпы турнирге 16 ойыншы қатысты

YouTube

Мегаполисте Алматы энергия кешенінің қызметкерлері арасында бильярдтан V мерейтойлық турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы энергетика күніне арналған.

«Турнир жыл сайын өтеді. Биыл АЖК, KEGOC, АЭС, «Мойнақ ГЭС» қатысып жатыр. Мұнда сабырлы болуға және дәл тигізуге үйренуге болады. Сондай-ақ математика мен геометрияны меңгеруге ықпал етеді. Қатысушыларымыз бір-бірімен сайысқа түседі», дейді электр тораптары ұйымдары жұмыскерлерінің «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ-нің төрағасы Қали Сабржан.

Жалпы турнирге 16 ойыншы қатысты. Үздік үштікке бильярд бойынша әлем чемпионы Ернар Шымбаев бағалы сыйлықтар мен медальдар табыстайды.

Теги: турнир