Еуропа чемпионатына жолдама алу тартысты болады
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Словения – Қазақстан матчының бас төрешісі болып поляк Шимон Марчиняк тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оған отандастары Павел Сокольницкий мен Адам Купсик көмектеседі. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі - Павел Рачковски.
Ел құрамасы H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр.
Бұл топта Дания 22 ұпай жинап, бір тур бұрын құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдама алды. Ал Словенияның еншісінде 19 ұпайдан бар.
Топтағы екінші жолдама тағдыры Словения және Қазақстан кездесуінде шешіледі.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық футболшылар Сан-Марино құрамасынан 3:1 есебімен басым түскен еді.
Оөи отырыңыз: Қазақстан құрамасы Сан-Маринодан басым түсті