Қазақстандық фристайлшы әлем кубогі кезінде «күміс жүлдегер» атанды

17.03.2023 22:49

П.Колмаков фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинады

24.kz

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан әлем кубогі кезінде қазақстандық Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

П.Колмаков фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды.

Канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, аустралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлде бұйырды.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК мәліметі бойынша тағы бір қазақстандық Антон Бондарев іріктеуден өте алмады.

Сондай-ақ могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға өткенімен, жүлдеге іліккен жоқ.