Қуат Хамитов үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

18.01.2021 22:55

Алматыда аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр

sportx.kz

Алматыда аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр», – делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі – «Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру» санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.