|
10.12.2022 | 17:56
1262

Футболдан әлем чемпионатындағы суперматч: Англия vs Франция

Кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталды

Футболдан әлем чемпионатындағы суперматч: Англия vs Франция championat.com

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 10 желтоқсанда жартылай финалға берілетін төртінші жолдаманы Англия мен Франция сарапқа салады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Эль-Хаур қаласындағы 68 мың жанкүйерге арналған «Эль-Байт» стадионында өткізіледі.

Бас төреші - бразилиялық Вилтон Сампайо. Оған отандастары Бруно Бошилия мен Бруно Пирес көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - Біріккен Араб Әмірлігінен Мохаммед Абдулла Хасан.

FIFA рейтингінде Англия – 5, Франция 4-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін 31 мәрте кездесті. Оның 17-де ағылшындар, 9-да француздар басым түссе, қалған ойындар тең нәтижемен аяқталды.

Топтық кезеңде В тобында сынға түскен Англия құрамасы Иранды 6:2, Уэльсті 3:0 есебімен жеңіп, АҚШ-пен 0:0 есебімен тең ойнады. 1/8 финалда Сенегалды 3:0 есебімен орта жолда қалдырды.

Ал D тобында Франция Австралияны 4:1, Данияны 2:1 есебімен жеңіп, Туниске 0:1 есебімен жол берді. Ал 1/8 финалда Польшаны 3:1 есебімен қапы қалдырды.

Әлем чемпионатында Англия он алтыншы мәрте қатысып отыр. Бұған дейін 1966 жылы чемпион атағын жеңіп алды.

Франция құрамасы он бесінші мәрте қатысып отыр. 1998, 2018 жылдарда чемпион атанды.

Айта кетсек, елорда уақытымен 21.00-де Марокко мен Португалия кездесуі «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, Хорватия Бразилияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, Нидерланд құрамасын жеңген Аргентина жартылай финалға шықты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир