Марафон 6 қыркүйекте сағат 14.00-де Астана -Түркістан бағыты бойынша Қаражар ауылынан басталады
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіндегі 1300 шақырым қашықтықты бағындыратындар қатарында қыздардан жасақталған «Иманжүсіп» командасы - Ақмола облысының құрамасы үлкен додаға дайындық үстінде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл алғаш рет «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінде бұрымдылар да бақ сынайды. Мерзақ Садуақасов сынды ер азаматпен қатар Ләззат, Лаура, Анна, Евгения есімді 4 ару Ақмола облысы командасының намысын қорғамақ.
Бас әріптес - Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен қызықты марафон 6 қыркүйек, сағат 14.00-де Астана-Түркістан бағыты бойынша Қаражар (Ильинка) ауылында басталады және 19 қыркүйекте түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында мәреге жетеді.