Ол жекелеген жарыста үздік атанды
Қазақстандық Рината Сұлтанова Тәжікстанда өткен шосседегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол жекелеген жарыста үздік атанды. Велошабандоз 24 шақырымдық қашықтықты 33 минут 24,632 секундта еңсеріп, әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытты көрсетті. Екінші орынды индонезиялық Делиа Приатна (+34,643) еншіледі. Қола медаль моңғол спортшысы Солонго Цэрэнлхамға бұйырды (+01:39.450). Айта кетейік, Рината Сұлтанова шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ шабандозы атанды.