Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді
Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Григорий Дрозд қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясында мексикалық боксшы фаворит екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді.
"Гена - біздің жолдас, мен оны жеке танимын, мінезін, қалай дайындалып, қандай тәртіп ұстанатынын білемін. Ол функциялық түрде дайын болады деп үміттенемін. Дегенмен бұл айқаста Альварес - фаворит. Канелоның жеңілісін есепке алсақ, екі боксшыда да теңдей мүмкіндік бар. Гена бұл кездесуде ешкімге ұқсауға тырыспауы керек. Стиль жағынан алсақ, ол Бивол сияқты бола алмайды. Екеуі екі түрлі боксшы. Сондықтан не жасай алады - қайшылай соққы қайтарып, қысым жасап, қарсыласқа ес жиғызбай жұдырықтасу, соны істеу қажет", - деді Дрозд MMA.Metaratings.ru порталына берген сұхбатында.