1 алтын, 2 күміс және 6 қола
5-6 наурыз аралығында Иран астанасында Asian Taekwondo Clubs Championship турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың екінші күні даянгта өнер көрсеткен Қазақстанның ерлер құрамасы үш медаль еншіледі.
Оның ішінде бір алтын және екі қола медаль бар.
87 келіде ел намысын қорғаған Смайыл Дүйсебай қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанса, 80 келідегі Нұрлан Мырзабаев пен 68 келінің өкілі Ерасыл Арапбай қола жүлдегер атанды.
Осылайша қазақстандық таеквондошылардың қоржынына клубтық Азия чемпионатының 9 медалі түсті: 1 алтын, 2 күміс және 6 қола.
Бұған дейін қыздарымыз аталған турнирде жалпыкомандалық есепте үшінші орын алған болатын.
Нұрай Бауыржанова (49 келі) мен Жансель Дениз (73 келі) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Айдана Еділбаева (46 келі), Рита Бакишева (46 келі), Амина Нұрғазықызы (62 келі) мен Нұрай Хусайнова (67 келі) қола жүлде иеленді.
Дереккөзі: inform.kz