Балаларды қорғау күнінде жас алматылықтар спорттық сайысқа түсті

polisia.kz
polisia.kz
Үздіктерге грамоталар мен сыйлықтар дайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балаларды қорғау күнінде жас алматылықтар спорттық сайысқа түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 “Динамо” дене шынықтыру спорт қоғамы” Алматы қалалық кеңесінің стадионында Алматы қалалық полиция департаментінің ықпалымен спорттық жарыс өтті. 

- Бұл шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және денсаулығын нығайтуға баулу. Жарысқа демеушілікпен келген балалар үйінің тәрбиеленушілері, қайтыс болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің балалары, сондай-ақ Алматы қаласындағы гимназиялар мен колледждердің студенттері қатысты. – Балалар бірнеше эстафеталық жарыста, қысқа қашықтыққа жүгіруде, “Пенальти соғу” номинациясында және басқа да спорт түрлерінен өздерінің физикалық қабілеттерін көрсетті. Спорт мерекесіне барлығы 18 команда қатысты, яғни 700-ден астам адам. Үздіктерге грамоталар мен сыйлықтар дайындалды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев. 

Мереке ұйымдастырушыларының айтуынша, шақырылғандар қатарында ҚР генералдар Кеңесінің басшылығы, Олимпиада чемпиондары – Ермахан Ибраимов, Дмитрий Баландин, Айтмұхан Ризабек, ІІО ардагерлері және т.б.болды.

Оқи отырыңыз:Президент Алматыдағы "БАЛАFEST" фестивалінде тұрғындарды балалар күнімен құттықтады

Новости партнеров