Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогінде үздік төрттікке енді

13.06.2021 23:19

Милад Карими Осиектегі кубоктік кезеңде еркін жаттығудан чемпион атанған болатын

olympic.kz

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің финалы өтіп жатыр. Қазақстандық Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша төртінші орын иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ге сілтеме жасап.

Милад 14.033 ұпай жинаған.  

Бірінші орынды Хорватия, екінші орынды Венгрия, үшінші орынды Түркия спортшылары еншіледі.  

Айта кетейік, Милад Карими Осиектегі кубоктік кезеңде еркін жаттығудан чемпион атанған болатын. 

Сондай-ақ ол қоссырықтағы жаттығу бойынша күміс жүлдені жеңіп алды.