Каратеші Данияр Юлдашев Премьер-лига финалына шықты

15.02.2020 23:22

Енді отандасымыз финалда Иран спортшысы әлем чемпионы Пуршабпен кездеседі

olympic.kz


Дубайда Karate 1 Премьер-лигасы өтіп жатыр. Аталған жарыста ерлер 84 келіге дейін және 84 келіден жоғары, әйелдер 68 келі және одан жоғары салмақта бақ сынауда, деп хабарлайды Olympic.kz.

84 келіге дейінгі сақмақта қатысып жатқан қазақстандық каратеші Данияр Юлдашев финаоға жолдама алды. Финалға дейін ол Әзірбайжан спортшысын 6:3, Ресейлік спортшыны 8:0, Франция өкілін 3:1, жартылай финалда Македония каратешісін 6:0 есебімен жеңді.

Енді отандасымыз финалда Иран спортшысы әлем чемпионы Пуршабпен кездеседі. Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта жүлдені сарапқа салатын спортшылар белгілі болды. Қазақстандық Ермек Айназаров қола жүлде үшін кездесу өткізеді. Бөлісу