Жансай Смағұлов Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шықты

06.03.2021 23:33

Ақтық сында Жансай моңғолиялық Цогбатаар Ценд Очирмен алтын жүлдеге таласады

olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Жансай Смағұлов ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Жансай армениялық Фердинанд Карапетянмен кездесті. Тартысты жекпе-жектің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Ал қосымша уақытта Смағұлов «ваззари» ұпайын еншілеп, финалға жолдама алды. Ақтық сында Жансай моңғолиялық Цогбатаар Ценд Очирмен алтын жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Смағұлов жартылай финалда белдескен Карапетян өз тобында Олимпиада жүлдегері, әзербайжандық Рустам Оруджевті жеңген болатын.