Ол наурыз айында M-1 Global чемпиондық белбеуін иеленген болатын
Жартылай орта салмақта M-1 Global тұжырымының чемпионы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді ұйыммен келісімшартқа отырды. Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойып, ең үздік ММА ұйымымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Алғашқы жекпе-жек қараша айына жоспарланған. Шавкат – UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдімін» деп жазды Саят Абдрахманов. Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов наурыз айында M-1 Global чемпиондық белбеуін иеленген болатын.