8 маусымда Стив Роллспен жұдырықтасатын Геннадий Головкин әлі бапкер таңдамаған

8 маусымда Стив Роллспен жұдырықтасатын Геннадий Головкин әлі бапкер таңдамаған
Головкиннің бапкерден бас тартуы таңқаларлық жағдай емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы қазақстандық даңқты боксшы, әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин бүгін бапкері Абель Санчестен кеткені туралы мәлімдеме жасады. Ал, отандық спорт шолушысы Есей Жеңісұлы Almaty.tv тілшісіне GGG-дің неліктен мұндай қадамға барғанын өздігінше түсіндіріп берді.

Маманның айтуынша, Головкиннің бапкерден бас тартуы таңқаларлық жағдай емес. Өйткені, Абель Санчес өз шәкірттеріне дұрыс ақыл-кеңес беруден қалған. Сондықтан, жерлесіміз мексикалық бапкерді алмастыру үшін алдымен оның еңбекақысын азайтудан бастапты. Бұған көнбеген Санчес келісімшартты үзуге өзі бастамашыл болған болуы мүмкін.

Ал, 8 маусым күні Головкин былтырғы жеңілісінен кейінгі алғашқы жекпе-жегіне шығады. Канадалық Стив Роллске қарсы жұдырықтасатын жерлесіміз уақыттың аз қалғанына қарамастан әлі бапкер таңдамапты.

«Геннадий Головкин Сауль Альвареспен күзде жолыққан кезде айқын емес, төрешілер шешімінен кейін жеңілді. Сол кезде бокс мамандарының біразы Абель Санчестің раундтар арасындағы үзілісте «соқсаңшы, ұрсаңшы» дегеннен басқа ешқандай кеңес бере алмағанын айтқан. Екеуінің жекпе-жегін қарап отырған ел көбіне Головкиннің бүйректен ұратын соққыны мүлдем қолданбағанын айтады. Сондпай-ақ, Абель Санчес тағы бір шәкірті Мурат Гассиевтің Мәскеуде өткен жекпе-жегінде де оған көп ақыл кеңес бере алмаған. Оны мамандар қартайған бапкер ретінде бағаланып келеді. Өз басым мұндай ақпаратты күтіп жүрдім, сондықтан аса таң қала қойған жоқпын», – дейді белгілі спорт шолушысы Есей ЖЕҢІСҰЛЫ.

Новости партнеров