Олимпиада ұйымдастырушылары шетелдік жанкүйерлердің келуіне тыйым салмақ
inform.kz
Ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді деп жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Токиодағы Олимпиаданың ұйымдастырушылары шетелдік жанкүйерлердің Ойынға келуіне тыйым салмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Kyodo News агенттігі жазды.
«Қазіргі уақытта Жапония шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат берген жоқ. Елдегі ахуал жақсарғаннан кейін ғана бұл мәселе қарастырылатын болады. Біз оларды қабылдай алатындай жағдай бірден жақсарып кетеді деп ойламаймын», – деді Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тоширо Муто.
Токиодағы Олимпиада 2020 жылы ұйымдастырылуы керек болатын, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге қалдырылды. Ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді деп жоспарланған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 13:30
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18