Алматының «Қайрат» командасы «Атырау» командасын тізе бүктірді
Фото: kff.kz
Бұл кездесуде алматылық клуб қарсыласынан 9:2 есебімен басым түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық ойынының алғашқы кездесуінде Алматының «Қайрат» командасы «Атырау» командасын тізе бүктірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл кездесуде алматылық клуб қарсыласынан 9:2 есебімен басым түсті. Ойын барысында Тұрсағұлов пен Оразов бір, Диего пен Эдсон екі, Ақбалықов үш голдың авторы атанды. Ал «Атырау» сапынан Далтон мен Эрик Данило көзге түсті. Финалда командалар біреуінің үш жеңісіне дейін шеберлік байқасады. Енді екі клуб 11 және 14 мамыр күндері бәсекелеседі. Бұл ойындарда жеңімпаз анықталмаған жағдайда тағы екі кездесу 17 және 18 мамырға белгіленіп отыр. Үшінші орын үшін сайыста «Аят» «Ақтөбені» жалпы серияда 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол созды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10