Геннадий Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанып отыр
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Геннадий Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанып отыр.
Total Sport сайты бұған дейін Геннадий Головкин бұл кештегі жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген қаламақы және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алатынын жазды. Бұл - шамамен 12-15 млн доллар.