Азия чемпионаты: теңге ілуден Қазақстан құрамасы үздік атанды

11.06.2024 23:52

Жарыс Алматы облысында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында өтті

Almaty.tv

Теңге ілуден бірінші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік атанды. Ұлттық ойында топ жарған спорт саңлақтары Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай сынды алпауыт елдірдің алдына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында өткен чемпионатта теңге ілудің үш стилі негізге алынды. «Бес белес», «Қос құлаш» және «Жеті құт» бойынша өткен сайыста Рахат Қамбаров үздік теңге ілуші атағын иеленсе, «Бес белес» стилі бойынша 1-орынды қазақстандық Ғалымжан Ізжанов қанжығасына байлады.

– Бұл – үш стильде өтіп жатқан бірінші Азия чемпионаты. Жарысқа алыс-жақын шетелдерден спортшылар қатысып жатыр. Бұл чемпионатты алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық десек те болады. Өйткені теңге ілу ептілікті, көп тәжірибені қажет етеді. Спортшылар осындай үлкен дәрежедегі сайыстар арқылы тәжрибе жинап, шеберлігін шыңдай түседі, – деді «Теңге ілу» халықаралық федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғаш рет геологиялық универсиада өтіп жатыр