|
30.10.2021 | 18:54
4755

«Тобыл» футбол командасы Қазақстан чемпионы атанды

Биылғы доп додасында бас жүлде Қостанайдың «Тобыл» командасына бұйырды

«Тобыл» футбол командасы Қазақстан чемпионы атанды vesti.kz

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биылғы доп додасында бас жүлде Қостанайдың «Тобыл» командасына бұйырды.

Қостанайлық клуб соңғы турда Оралда «Ақжайықты» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Чемпиондықтан тағы бір үміткер - елорданың «Астанасы» өз алаңында Түркістанның «Тұранымен» 1:1 есебіне қанағат білдірді. 

Ал үздік үштікті түйіндеген Алматының «Қайраты» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуымен» 0:0 есебімен тең түсті. 

Төртінші орын үшін таласта Петропавлдың «Қызылжары» Шымкенттің «Ордабасы» клубын 3:2 есебімен сүріндірді. Нәтижесінде төртінші орын петропавлдық командаға бұйырды. 

Сондай-ақ бүгін сырт алаңда Қызылорданың «Қайсары» «Таразды» 2:1, Ақтаудың «Каспиі» «Ақтөбені» 5:1 есебімен тізе бүктірді. 

Ал Қаарғандыда «Шахтер» «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді. Енді Қазақстан кубогы жартылай финал ойындары өтеді. 

Жарыстың аталған сатысында «Астана» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Шахтер» кездеседі. 

Командалар 1/2 финал ойындарын 6 және 20 қараша күндері өткізеді. 

Финал 28 қарашаға белгіленген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир