Босктан Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған турнир өтті

13.12.2023 00:08

Шаршы алаңда 20-дан аса боксшы бақ сынады

Almaty.tv

Дәстүрлі түрде өтетін бокс турнирі биыл 22-рет ұйымдастырылды. Желтоқсан оқиғасы мен Қайрат Рысқұлбековті еске алуға бағытталған турнирде Алматы қаласы мен облысынан 20-дан аса боксшы бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаршы алаңда шеберлік танытқандардың дені – жастар.

– Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев сияқты мықты боксшылар алғашқы шеберлікті осы турнирде шыңдаған. Жастар да солар сияқты осында шыңдалып, алдағы уақытта олимпиада чемпионы болуына тілектеспіз, – деді Спорт және туризм министрлігі олимпиадалық даярлау орталығы директорының міндетін атқарушы Ермахан Ибрайымов.

Былғары қолғап бәсекесіне биыл екінші рет түсіп жатқан боксшылар да бар. Турнирде түрлі салмақ бойынша жұдырық түйістіретін олар дәстүрлі сайыстың даңғыл жолға айналғанын жоққа шығармайды. Спортшылар «бап пен бақ келіссе, жұлдызымыз жанады» дейді.

– Әрине, алдағы уақытта Ұлттық құрамаға кіріп, жаттығу жасап, дайындаламыз, – деді қалалық құраманың мүшесі Ерасыл Дәулетбай.

Оқи отырыңыз: Жанқош Тұраров екінші чемпиондық белбеуін жеңіп алды