10 маусымда Беларусь құрамасымен кездеседі
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Словакиямен кездесіп 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жерлестеріміз өткен аптада да Әзірбайжан құрамасынан басым түскен еді. Еуропаның Трнава қаласында өткен ойын өте тартысты болды. Магомед Адиевтің шәкірттері ойынның 1-таймында-ақ шабуылды күшейтті. Нәтижесінде 26-минутта Аслан Дарабаев алғашқы голды соқты. Қазақстан құрамасы енді 10-маусым күні Беларусьпен кездеседі.
«Сенсация деп те айтуға болады. Көптеген жанкүйерлер мына нәрсені дұрыс түсінуі керек. Әрбір Ұлттық құраманың тізгінін жаңа бапкер ұстаған кезде құраманың сапында осындай бір серпіліс болады. Өздеріңіз де көрдіңіздер Магомед Адиев келгеннен кейін Әзірбайжанға қарсы жақсы ойнады. Кеше Словакия құрамасына қарсы өте мықты кездесу өткізді. Бұл жерде Қазақстан құрамасының бас бапкері тактикалық жағынан ойыншыларды таңдап, қарсыласты қапыда қалдырдық деп айтуға болады. Одан бөлек, Словакия құрамасының дайындығы нашарлау болған. Оны кеше ойын барысында да көрдік. Олар кейбір сәттерде дұрыс түсінбей жатыр. Қателіктер болды. Біз жеңіске жеттік», – деді спорт комментаторы Уәлихан Қосанбай.
Футболдан кейін қазақстандық жанкүйерлер пікірін білдірді. Ойынды 300-ге жуық жанкүйер келіп қолдады.
«Стадионда да атмосфера өте жақсы болды. Қазақстан футбол федерациясы кеше стадионға Будапешт қаласынан 4 автобус ұйымдастырған. 300-ге жуық жанкүйерлер келіп қолдап отырды. Бас бапкеріміз де футболшыларымыз да өзіміздің алаңымызда ойнап жатқан сияқты сезімде болдық деді. Біздің де эмоциямыз керемет болды деп айтуға болады. Себебі, сырт алаңда Қазақстан құрамасы білесіздер көп жеңіске жете бермейді. Кеше сәтті ойындардың бірін көрдік», – деді спорт комментаторы Уәлихан Қосанбай.
Алдағы ойынды 10 маусымда Беларусь құрамасымен кездеседі.
«Беларусь құрамасына қарсы ойында арық айтып семіз шығайық, бізге бұл кездесуде бір ұпай алсақ та, жаман болмайын деп тұр. Бірақ біздің құраманың Беларусьті жеңетіндей шамасы бар, өйткені Беларусь құрамасы сапында негізгі ойыншылардың 50 пайызы келмей қалған. Одан бөлек егде жастағы адамдар көп. Соынмен бірге тәжірбиесі аз футболшылар құраманың сапында көп. Біз үшін оңтайлы аяқталады деген ойдамыз. Жанкүйерлер мына дүниені ұмытпауы керек, Қазақстан құрамасы өткенде 7 сағаттық жол жүріп келді. Ертең тағы да 2-3 сағаттық Белградқа жол бар. Біздің құрамада 25 қана ойыншы бар», – деді спорт комментаторы Уәлихан Қосанбай.