Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Сүйінші хабарды қазақ еліне Спорт және туризм министрлігі жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Балуан қарсыластарымен 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан. Үшінші орын үшін таласта ол корейлік спортшы Вон Джон Хунды иппон әдісімен жеңді. Ал бұған дейін ол өзбекстандық әлем чемпионына есе жіберген еді. Қазір ел қанжығасында дзюдошылардың төрт қола, бір күміс медалі бар.
– Қола медаль бұйырды, негізі жаттықтырушыларды жоспары бойынша алтын деп ниеттеніп келген едік. Бірақ өзбек балуанмен жартылай финалда тактикалық тұрғыда жаттықтырушының айтқанын орындамай, есе жіберіп алдым, – деді қола жүлде иегері Нұрлыхан Шархан.
Оқи отырамыз: Алматыда тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды