Бауыржан Исламханның «Әл-Айн» командасындағы алғаш ойыны бүгін болады

02.02.2020 00:35

Оның жаңа командасы чемпионаттың 15-ші туры аясында өз жерінде «Әл-Васл» құрамасын қабылдайды

https://vesti.kz/

Бауыржан Исламхан. Сурет: «Әл-Айн» ФК Бүгін, 1 ақпанда Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ-нің «Әл-Айн» командасында дебют жасауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның жаңа командасы чемпионаттың 15-ші туры аясында өз жерінде «Әл-Васл» құрамасын қабылдайды. Алаң иелері 24 ұпаймен кестеде төртінші орында, ал 22 ұпай жинаған қонақтар 14 клубтың ішінде сегізінші орында тұр. «Әл-Айн» - «Әл-Васл» ойыны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00-де басталады, ал оны мына жерден көруге болады.

Бұған дейін команданың бас бапкері Педру Эмануэл Исламхан тізімге түскенін және оның бастапқы құрамда болуын да жоққа шығармаған.