|
16.02.2021 | 20:17
17862

Биыл күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш етті

Биыл күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл Almaty.tv

Биыл күш атасы Қажымұқанның туғанына 150 жыл. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш етті. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы туралы Almaty.tv тілшісінің келесі бейнематериалда.

Қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Жас кезінен алпауыт күшке ие болған жігіттің аты қазақ даласына тез тарала бастайды. Көп ұзамай оны Ленинград циркіне жұмысқа шақырады.

Оның тарихтағы алғашқы қарсыласы кейіннен жақын досына айналған Иван Заикин болды. Күреспен кәсіби түрде шұғылданатын тәжірибелі орыс палуаны цирк әлемінде жүрген жас қазақты үлкен қиындықпен жеңеді. Қажымұқанның өнеріне тәнті болған Иван оны спорт мектебіне баруға итермелеп, оның танымал болуына үлесін қосады. Қажымұқан туралы естеліктерін бөлісетіндер оның ұрпақтарының да өзі секілді ірі екенін айтады.

«Есікті біреу қағады. Ашсам, ұзын бойлы, тепсе темір үзетін, денелі бала тұр. Тәнікеев осында тұрады ма деп сұрады. Иә, осында дедім. Мен Қажымұқанның ұлымын ғой деді. Сосын ақырын барып Мұратханға айттым, үйде барымызбен мына баланы тойдыра алмайтын шығармыз әсте, мейрамханалар ашық кезде бір жерге апарып тамақтандырайық деп қалжыңдап та қойғаным бар», – деді профессор М.Тәнікеевтің зайыбы Шолпан Шәкірова.

Қажымұқан әлемдегі әйгілі Париж, Нью-Йорк, Лондон, Токио секілді қалаларда өнер көрсетті. Жапония астанасында өткен чемпионаттағы ережесіз жекпе жекте джиу-джитсу шебері Саракики Жиндофу Қажымұқанның құлағын, артынша ернін жұлып алады. Бұған мойымаған қазақ палуаны күтпеген жерде ойдан жаңа әдіс шығарып, жапонды бар күшімен бозкілемге лақтырады.  Бұдан кейін Саракикидің қайтыс болғаны туралы ақпар тарай бастайды. Қазақ ғалымдарының арасында алғаш болып отандық спортты тыңғылықты зерттеген профессор Мұратхан Тәнікеев «Қажымұқан» атты кітабында қазақ пен жапон арасындағы жекпе-жекті басқаша сипаттайды.

«Қарсыласының ашулағаны соншалық – Қажымұқанның құлағын тістеп алады. Жеңілуді білмеген балуан бұған ызаланып, қатты соққы береді. Жапондық сол жерде жан тәсілім етті», – деді профессор М.Тәнікеевтің зайыбы Шолпан Шәкірова.

Атақты палуанның жомарт болғаны белгілі. Соғыс жылдары өз қаражатына ұшақ жасатып, ұлы жеңіске айтлуы үлес қосқан азаматтың, өмір соңында азап шегіп, жоқшылық көргені жасырын емес. Әйтсе де қазақтан тұңғыш шыққан палуанның күрес әлеміндегі жетістіктері, оның өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі әрі өнеге.

Сая Мендеке, Мерей Қанапиянов, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир