Алматыда Бочча паралимпиадалық спорт түрінің қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл спорт тірек қозғалыс аппаратының ауыр ақаулары бар адамдардың шағын допты лақтыруы арқылы жүзеге асады. Қалалық чемпионатты ұйымдастырушылар – Алматы қаласы Спорт басқармасы мен Алматы қаласының «Бочча» паралимпиадалық спорт түрлері федерациясы. Ерекше жандарға арналған сайысқа 18 адам қатысып, күш-жігерін сынады. Боччаны ойнайтын адамдар диагнозына байланысты бөлінді. Жеңімпаздар да ерекше белгілерінің санатына қарай жіктеліп, анықталды.
– Денсаулығында кемістігі бар жандар үшін мұндай спорт түрінің қалыптасып, дамуы қуантады. Қазақстанда бочча спорттық ойыны 2018 жылдан бастап қолға алынды. Оны қолдау күшейеді деп сенемін, – деді Алматы қаласы Бочча федерациясының атқарушы директоры Асан Итенов.
Оқи отырыңыз: Алматыда әмбебап жекпе-жектен республикалық чемпионат басталды