V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қарсаңында Астанада 10 гектар аумаққа этноауыл бой көтереді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еліміздің әр өңірінен келген меймандарға 3 киіз үйден тігілмек. Дүбірлі дода аясында түкпір-түкпірден келген қонақтарға Қазақстанның әр аймағының тыныс-тіршілігі, дәстүрі, тарихы мен туристік әлеуеті көрсетіліп, кең көлемде насихатталады. Бұл туралы сала мамандары өткізген басқосуда белгілі болды. Сондай-ақ жиында биылғы көшпенділер ойынының бағдарламасындағы 21 спорт түрінің құрамына алғаш рет құсбегілік өнердің қосылғаны сөз болды.
– Көшпенділер ойындарында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Онда спорттық ғылым және тарих, көшпенділер тағамы сынды тақырыптар талқыланады, – деді еңбек сіңірген спорт қайраткері Айталап Құрғамбаев.
Сонымен қатар көшпенділер ойынына әр өңірден «елшілерді» қатыстыру жоспарланған. Олардың міндеті – жарыстың маңыздылығы мен ерекшелігін насихаттау, кездесулер ұйымдастырып, қонақтар арасында көпір орнату. Алматы қаласының атынан екі спортшы додада бақ сынайтыны белгілі болды.
Еске салайық, халықаралық жарыстың басталуына 11 күн қалды. Онда 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 150-ге жуық мәдени іс-шара ұйымдастырылады.
– Алматы қаласы бойынша елшілердің мүшесі болып тіркелдік. Алматы қаласынан 10 елші және бір батыр көшпенділер ойынына аттанамыз. Додаға 89 мемлекеттен 2800-ден аса адам қатысады, – деді Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубының басшысы Нұрлан Оспанов.
Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында Мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!