|
31.01.2022 | 20:10
1108

XXIV Қысқы олимпиада ойындарының басталуына 4 күн қалды

Төрт жылдықтың басты додасы 4 ақпанда басталады

XXIV Қысқы олимпиада ойындарының басталуына 4 күн қалды Фото: olympic.kz

XXIV Қысқы олимпиада ойындарының басталуына 4 күн қалды. Осы орайда еліміздің жас спортшылары мен танымал атлеттер жаһандық додаға қатысатын саңлақтарға сәттілік тілеп, қолдау білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, төрт жылдықтың басты додасы 4 ақпанда басталады. Оған ел атынан спорттың 8 түрінен 34 атлет қатысады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сол уақытта Бейжіңге жұмыс сапарымен барып, ақ олимпиаданың ашылуына қатыспақ. Бұл туралы Перезиденттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.  

«Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшыларды шын жүректен құттықтаймын. Қалайда жоғары өнер көрсетіп, елге жүлдемен оралыңыздар. Жарыс кезінде сіздерге соңына дейін қолдау білдіруге дайынбыз», - деді спортшы Илья Ильин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир