Париж олимпиадасы аяқталғаннан соң, Мырзағали Айтжанов бастаған бір топ жаттықтырушы қызметінен кеткен
Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы вйтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салада 34 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Қайрат Тұрсынқанұлы 2024 жылы Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалған.
2021-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін де атқарған. Жаттықтырушы ретінде ол 7 әлем, 43 Азия чемпионын дайындап шығарды. Қазіргі уақытта жаңа бапкерлер құрамы жасақталып жатыр.
Еске салайық, Париж олимпиадасы аяқталғаннан соң, Мырзағали Айтжанов бастаған бір топ жаттықтырушы қызметінен кеткен.
Оқи отырыңыз: Президент Жарлығымен ұлттық құраманың бір топ спортшысы мен бапкері марапатталды