Ұлттық спорт жеңісіне қашанда арқау бола білген «Атамекен» әнін естімеген жұртшылық жоқтың қасы. Бүгін тарихи туындының авторы, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевті еске алу мақсатында бокстан ашық турнир басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға патриоттық әнді орындап жүрген, биыл құрылғанына 20 жыл толған «Жігіттер» квартеті қатысып, әншілер мерейтойын спортсүйер қауыммен бірге атап өтті. Аталған спорттық іс-шараға Қырғызстан, Израиль мемлекеттерімен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен жалынды жастар жиналды. Сайыс небәрі төрт күнге созылады, дүбірлі дода соңында жеңімпаздар қаржылай сыйақымен марапатталып, бағалы жүлдеге ие болады.
– Қазақ «өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Іс-шаранң мақсаты – өмірден өткен ағамыздың әнін кеңінен насихаттау. Жастарға рухани азық болады деп ойлаймыз, – деді «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов.
Оқи отырыңыз: Алматылық саятшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойынына жолдама алды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!