Жарысқа 6 командадан 30-дан астам спортшы қатысты
Алматыда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жарысқа 6 командадан 30-дан астам спортшы қатысты. Олар үстел теннисі, шахмат, волейболдан сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады.
«Бұл іс-шара қатысушылардың денсаулығына оң әсер етіп қана қоймай, ортадағы ынтымақтастықты арттырады деп сенеміз. Біз үшін серіктестік те өте маңызды», – деді НЗМ филиалы директорының орынбасары Ақнур Байбатырова.