Бұған дейін суперкубокқа барлығы алты команда қол жеткізді
Суперкубок ойыны елордадағы «Астана Арена» стадионында 25 ақпан күні өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда өткен жылы ел чемпионы атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері шымкенттік «Ордабасы» клубтары шеберлік байқасады.
Биылғы суперкубок ойыны өз тарихында 16-мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы («Орталық»), Астана («Астана Арена»), Қостанай («Тобыл Арена») және Туркістан («Түркістан-Арена») қалаларында болды.
Бұған дейін суперкубокқа барлығы алты команда қол жеткізді. Олардың қатарында «Астана» 5, «Ақтөбе» 3, «Қайрат» пен «Тобыл» 2, «Шахтер», «Ордабасы» мен «Елімай» 1 мәртеден еншіледі.
Дереккөз: ҚазАқпарат