Отандастарымыз тек 2 спорт түрінен, яғни шаңғы жарысы мен пара биатлонда ғана бақ сынайды
Бүгін қазақстандық паралимпиадашылар Қытайдағы жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Отандастарымыз тек 2 спорт түрінен, яғни шаңғы жарысы мен пара биатлонда ғана бақ сынайды. Ел атынан 5 атлет өнер көрсетеді. Олар – Ербол Хамитов пен Александр Герлиц, Сергей Усольцев пен Юрий Березин және Денис Петренко. Паралимпиада ойындарының ашылуы 4 наурызда елорда уақытымен сағат 22.00-де басталады.
Салтанатты шарада еліміздің туын пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов ұстап шығады.
«Ел атынан кеткен қатысушыларға тілерім, қалайда биік тұғырдан көрініп, елге жүлдемен оралыңыздар», - деді жазғы паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев.
Айта кетейік, паралимпиада ойындары наурыздың 4-інен бастап, 13-іне дейін созылады. Қатысушылар спорттың 6 түрінен сынға түсіп, барлығы 78 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
«Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға тек сәттілік тілейміз. Елге жүлдемен оралыңыздар. Біз сіздерге сенеміз!» - дейді олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин
«Қазақстан паралимпиада командасына, қыз-жігіттерге сәттілік тілеймін, тек алға!», - деді актер Нұрлан Қоянбаев.