Елімізде спорт жаттықтырушылары тапшы. Мамандардың айтуы бойынша, оның себебі – спортшылардың статусы мүлдем төмен. Әлеуметтік жағынан да тиісті түрде қамтамасыз етілмеген. Айлықтары шайлығынан аспайды. Соған қарамастан, командалық спорт түрлері бойынша шетелден шығындалып мамандар шақырылады. Бапкерлер мәселені Үкімет майшаммен қарамаса, спорт саласын ақсатып алуымыз мүмкін деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әрбір ауылдық округте спорт әдіскері лауазымы енгізіледі. 2025 жылы олардың саны 3500 адамға жетеді. Ал қазірдің өзінде 1 мыңнан аса спорт клубы ашылады. Алайда ол клубтарда кім бапкер болады деген мәселе туындайды. Себебі, елімізде кәсіби спортта жаттықтырушылар жоқтың қасы. Мысалы, 24 жылдық тәжірбиесі бар бапкер Бауыржан Шадраимов 1 жылдан бері дзюдо жаттықтырушысын таппай келеді. Себебі келетін үміткерлердің біліктігі жоқ.
«Біздің жас мамандар бойынша қиындығымыз бар. Сондай-ақ, залдар, спорт кешендері жетіспейді. Сондықтан жаңадан келген жаттықтырушылар орын таба алмай жүреді. Спорт кешендерінің бәрі жалға беріліп қойған. Мысалы, жақын орналасқан Қосшының өзінде қаншама халық, қаншама бала бар. Бірақ бірде-бір спорт мектебі жоқ. Соның өзі проблема тудырады. Көп мамандар спорт саласына келгісі келмейді», – дейді жаттықтырушы Бауыржан Шадрайымов.
«Астана» футбол клубының түлегі, жаттықтырушы Дәурен Ысқақов қазір кім көрінген бапкер болып алған дейді. Футболмен айналысамын дейтін балалардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. Бірақ оларды үйрететін білікті маман жоқ.
«Көп мектепте құжат дайындауы керек қой. Көбі ресми емес, әйтеуір балаларды жаттықтырды деген ат үшін, ақша алып тұру үшін алады, ол адамы бөтен, басқа саладан келуі мүмкін. Өйткені өзім 7 жылдан бері қатысып келемін. Басқа мектептерге жарысқа барғанда футболға мүлдем қатысып көрмеген адамдарды кездестіреміз. Міне, сондайлар балаларды үйретіп жүр», – дейді жаттықтырушы Дәурен Ысқақов.
Бүгінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша мамандарды даярлау 42 ЖОО-да жүзеге асырылады. Бакалаврда 27 мыңға жуық адам оқиды. Ал магистратурада 312 болса, доктарантурада небәрі 19 адам ғана білімін жалғастырады. Бұл дегеніңіз, мамандардың көбі ары қарай біліктілігін арттыруға талпынбайды. Ал Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Шамкен Байырбек бапкерлердің жетіспеушілігі спорттың барлық саласында бар екенін растап отыр.
«Қазір Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен бірлесіп осы мәселені шешу үшін шаралар қабылдап жатыр. Мәселен, осы елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде соның базасында арнайы спорт университеті ашылатын болады. Біз айтып отырған, жасөспірімдер, балалар спортына, кәсіби спортқа керек бапкерлер сол университет базасында дайындалады», – деді Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Шамкен Байырбек.
«Қазақстан Спортшылар одағының» төрағасы Азамат Қарлығашевтің сөзінше, спортшылар тек байрақты бәскелерде туымызды желбіреткенде ғана еленеді. Мансаптарын аяқтағаннан кейін кем дегенде, әлеуметтік кепілдіктер алуға тырысқанда, спортшылар мен жаттықтырушыларда қиындықтар туындайды. Мысалы, өмір бойы жәрдемақы алу үшін қолданыстағы ережелерге сай 20 жылдық спорттық еңбек өтілі болуы керек. Алайда бұл мүмкін емес шарт дейді. Сондықтан кәсіби спорттағы каръерасын аяқтаған соң, мықты мамандар ақысы жоғары басқа саланы жағалап кетеді.
«Мұғалімнің жалақысы жаттықтырушының жалақысынан жоғары. Себебі Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің жалақысын көтерді. Осылайша, жаттықтырушылар спорттан бас тартып, мектепке сабақ беруге кетеді. Сондықтан қазір болашақ чемпиондарды дайындағаннан гөрі, дене шынықтыру мұғалімі болған тиімдірек», – дейді республикалық «Қазақстан спортшылар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Қарлығашев.
Тағы бір мәселе – спортшыларды даярлау әдістемесін өзгерту керек дейді. Жаттықтырушылар әлі күнге Кеңес Одағы кезіндегі әдісті пайдаланады екен. Аталған салада білікті бапкерлер шығу үшін тіпті, «Болашақ» бағдарламасына енгізу артық болмайды деген ұсыныстары бар.
Биылғы өткен Токио Олимпиадасы ел спортының қазіргі ахуалынан хабар берді. Мамандар тағы да қола дәуірі деген мазаққа қалмайық десек, қазірден бапкер мәртебесін көтеруіміз керек екенін айтып отыр. Сонымен қатар, шәкірттерді дайындайтын орындарды жаттықтырушыларға жалға бермей, мемлекет тарапынан қолдау болуы керек дегенді алға тартпды.
Қаламқас Нысанбай, «Алматы» телеарнасы, Нұр-Сұлтаннан
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!