Жарысқа 10-12 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан құралған 1600 бала қатысты
Жарыстың ерекшелігі сол – мұнда тау-шаңғы спортының үздіктері емес, керісінше қызығушылық танытқан оқушылар бәйгеге түсті. Тау-шаңғы кешенінде өткен шарада балалар таудың таза ауасымен демалып, өз шеберліктерін сынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шара «Алматы спорты» әлеуметтік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Айта кетейік, жарысқа 10-12 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан құралған 1600 бала қатысты. Мақсат – жасөспірімдерді ерте жастан салауатты өмірге баулу.
«Біз бірінші сабағымызда оларды қауіпсіздікті үйретеміз, қалай тұру керек, қалай кию керек, қалай дұрыс құлау керек. Әрбір балаға жеке үйретеміз. 4 сабақтан кейін балалар өздері шаңғы киіп үйренеді, құласа оларға ешкім көмектеспейді, әрі қарай өздері шаңғыны теуіп үйреніп кетеді», – деді нұсқаушы Марат ХАПИЗОВ.