Дауыс бер: Паралимпиада спортшысы Әлия Раева жерлестерінен қолдау күтеді

21.07.2020 02:31

Қазақстандық паралимпиада спортшысына байқауда жеңіп шығу үшін 54 000 дауыс жетпей тұр

almaty.tv

Әркімнің дауысы маңызды. «Герман Гмайнер» халықаралық сыйлығының финалисі Әлия Раева жерлестерінен қолдау күтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандық паралимпиада спортшысына байқауда жеңіп шығу үшін 54 000 дауыс жетпей тұр. Отандасымызға дауыс беру үшін бар болғаны экранда көрсетілген сайт арқылы Әлия Раеваны таңдау қажет. Айта кетейік, халықаралық байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 200 үміткер жиналып, ең үздік сегіздік қана ақтық сынға өткен. Дауыс беру 23 шілде күні аяқталады.

«Паралимпиада ойындары 4 жылда бір рет қана өтеді. Мен қызу дайындық үстіндемін. Токиодағы олимпиада ойындарына қатысуды армандаймын. Жеңіл атлетика бойынша қысқа қашықтыққа жүгіру спортшысымын. Біреу үшін маған дауыс беру 15 секунд қана алады, ал мен жеңіске жету үшін өмір бойы жаттығып келемін», – деді  Жеңіл атлетикадан Қазақстан паралимпиада құрамасының мүшесі Әлия Раева.