"Қайрат" футбол клубы чемпиондыққа бір табан жақындады. Өз алаңында қостанайлық "Тобылды" қабылдаған алматылық ұжым 2 де 0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
15 жылдан бері еліміздің премьер лигасының тұғырында төбесін көрсетпеген «Қайрат» енді 31-ші турдан кейін турнирлік кестеде көш бастап келеді.
Елордалық «Астанадан» ұпай ала алмай қайтқан «Қайрат» үшін бұл кездесу ең маңызды болды. Себебі, «Тобылға» есе жіберсе, чемпиондықтан қағылады. Алматылық ұжым ойынды жойқын шабуылдармен бастады. Десе де, Бауыржан Исламхан бастаған командаға дәлдік жетіспеді ме, сәттілік серік болмады ма, бірінші тайм 0 де 0 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін «Қайрат» жаттықтырушысы ойынның екінші бөлігіне өзгеріс енгізуді жөн санап, Еркебұлан Сейдахметтің орнына көк алаңға Артур Шушенавичті шығарады. Матчтың 74 минутында сол қапталмен капитан мен Эппель бастаған шаубылды Георгий Жуков голмен аяқтады.
Тең есепті көздеген «Тобыл» 75 минуттан кейін оянды. Стас Покатилов қорғаған қақпаны бірнеше мәрте нысанаға алғанымен, қорғаушылар таблодағы көрсеткішті өзгертуге мүмкіндік бермеді. 12 000 жанкүйер жиналған Орталық стадионда алаң иелері уақыт өткен сайын шауылдарын үдете түсті. Негізгі уақытқа қосылған 3 минутта дебюттік ойынын өткізген Артур Шушенавич есепті 2 де 0-ге жеткізді.
«Жігіттер ойынның бірінші минутынан бастап жеңіске деген құштарлығын көрсетті. Әрине, біз үшін Нұр-сұлтанда жеңіліспен аяқталған ойын оңайға соққан жоқ. Футболшылар тезарада өздеріне келіп, «Тобылға» қарсы тегеурінді ойынды және жеңіске жетті. Жанкүйерлерге де айтар алғысымыз шексіз», - деді «Қайрат» ФК бас бапкері Алексей ШПИЛЕВСКИЙ.
Қазақстан премьер лигасының 31-турынан кейін алматылық «Қайрат» 65 ұпаймен көш басында тұрса, елордалық «Астана» 60 ұпаймен 2-орында келеді. Ал, Алматыда ұпай жоғалтқан «Тобыл» турнирлік кестенің 4 сатысына түсіп қалды.
Арнат Дүйсен, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы