Алматыда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті

14.12.2021 02:39

Сайысқа 8 команда қатысты

11 желтоқсанда Қазақ спорт және туризм академиясында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының  және «Nur Otan» партиясының қолдауымен, КӘАҚҚ Республикалық Орталық Штабының ұйымдастрыуымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайысқа 8 команда қатысты: КӘАҚҚ Республикалық Орталық Штабы, «Nur Otan» партиясы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты, аудандық полиция басқармасы, аудандық ТЖ басқармасы, аудандық білім басқармасынан екі команда, сондай-ақ  бұл турнирге «Алматы» телеарнасының тілшілері де қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткен шағын футболда «Ұстаз» командасы жеңімпаз атанды. 2-орынды Алмалы аудандық полиция басқармасы, 3-орынды КӘАҚҚ РОШ иеленді. Турнир қорытындысы бойынша Үздік қақпашы, Үздік қорғаушы, Үздік шабуылшы, Үздік перспективалы ойыншы номинациясы бойынша кіл мықтылар анықталды. Сондай-ақ «Спорт ардагері» номинациясы бойынша  Жарболова Сәуле Ынтымаққызы марапатталды. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту бойынша ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында КӘАҚҚ Республикалық Орталық Штабы бүкіл ел бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді.