Астанада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Мариномен ойын алдындағы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Құраманың бас бапкері Магомед Адиев ертеңгі матч бойынша жоспарын бөлісіп, ойыншылардың дайындығы жайында айтты.
Ұлттық құраманың бас бапкері Бахтиёр мен Асхаттың жоқтығын білдіртпейтін спортшылар бар. Бірақ нақты кімнің қай позицияда шығып, өнер көрсететінін ашып айтқан жоқ. Себебі түсінікті. Егер қазір бүкіл жоспарды айтып тастасақ, қарсылас біліп алып, соған орай тактика қоюы ықтымал екен.
– Бізде ойыннан бір адам шығып қалса, ойынды соған ыңғайластырып ұйымдастыру деген жоқ. Біз бір командамыз, бәріміз жұмыла жұмыс істейміз. Әрине Бахтиёр мен Асхаттың осындай ойын алдында жарақат алғаны өкінішті. Дегенмен, басқа жігіттер де осал емес. Барымызды салып, жеңуге тырысамыз, - дейді футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.
Ұлттық құраманың негізгі қақпашысы Игорь Шацский алдағы екі ойында финал ретінде болатынын айтады. Өйткені бізге топтық кезеңге өту үшін тек жеңіс керек. Сондықтан Игорь әріптестерінің екі ойында да соңғы минутқа дейін бар тәжірибесін салып ойнайтынын айтты.
– Біз ертеңгі ойынға тыңғылықты дайындалдық. Жалпы бабымызда тұрмыз деп айта аламын. Алдағы ойындарда бар күш жігерімізді салып ойнаймыз, - дейді Ұлттық құраманың қақпашысы Игорь Шацский.
Бүгін Қазақстанмен қатар Сан-Марино командасы да баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың бұған дейін қарсыластарынан ұтылып келе жатқанын да айта кету керек. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан-Сан-Марино командалары арасындағы ойын ертең Астана арена алаңында кешкі сағат 21.00-де басталады.
Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады