Шараның жабылу рәсімі «Алматы Арена» спорт кешенінде өтті
Алматылық спортшылар V қысқы спартакиада ойындарында 5795 ұпай жинап, командалық есепте топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
7 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы 2-орынға жайғасса, үшінші орын Ақмола облысының спортшыларына бұйырды.
Шараның жабылу салтанаты әдеттегідей «Алматы Арена» спорт кешенінде өтті.
Еске сала кетейік, 4 жылда бір өтетін спартакиадаға 1300-ге жуық спортшы қатысып, қысқы ойындардың 14 түрінен бақ сынады.
«Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы V қысқы спартакиада. Жарыс жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау», – деді Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов.