Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан Словакияны жеңді

14.06.2022 03:12

Есеп 2:1

VK.COM/KFF_TEAM

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-турында «Астана Аренада» Словакия құрамасымен кездесіп,  2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

1-таймда Қазақстан құрамасы Словакия құрамасының қақпасына  2 гол соқты. Матчтағы есепті 18-минут Ян Вороговский ашса, 39-минутта Эльхан Астанов есепті еселей түсті.

2-таймда Словакия бір гол соғып үлгергенімен, таразы басын теңестіруге шамасы жетпеді.

Бұл ойыннан кейін турнир кестесінде өзгеріс болмады. Қазақстан С дивизионының 3-тобында 10 ұпаймен көш бастап тұр.